Алматыда тіс емханасына барған бала қайтыс болды

05.12.2025

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Алматы қаласында тіс дәрігеріне барған бүлдіршін қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қайғылы оқиғаны қалалық Полиция департаменті ресми түрде растады.

Наурызбай ауданының Полиция басқармасына кәмелетке толмаған баланың қайтыс болуына байланысты өтініш түсті.

«Қазіргі уақытта тергеудің толықтығы, жан-жақтылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр», – делінген Полиция департаментінің агенттік тілшісіне берген пікірінде.

Ведомство мәліметінше, іс материалдары тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне тексеру жүргізу үшін жолданды, оның нәтижесі бойынша заңнамаға сәйкес шаралар қабылданатын болады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью