Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Алматыда Төле би көшесінің Тілендиев пен Брусиловский көшелері аралығында көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Tengri Auto.
Қалалық қызметтер мәліметінше, жол 2026 жылдың 18 шілдесі сағат 20:00-ден 19 шілде сағат 13:00-ге дейін жабылады. Шектеу инженерлік желілердегі жоспарлы жұмыстардың жүргізілуіне байланысты енгізіліп отыр.
Жүргізушілерден жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерістерді алдын ала ескеруді, балама бағыттарды таңдап, уақытша жол белгілері талаптарын сақтауды сұрайды.
Төле би көшесінің тағы қандай бөліктері жабық 16–18 шілде аралығында – Өтеген батыр көшесінен Вилюйская көшесіне дейінгі бөлігі шығыс бағытта жабық. Көлік қатынасын қамтамасыз ету үшін Төле би көшесінің солтүстік жағында реверсивті қозғалыс ұйымдастырылды. 14 шілде мен 25 тамыз аралығында Әшімов көшесінен Алатау көшесіне дейінгі бөлігінде қозғалыс тоқтатылды. Көліктердің айналып өтуі Сәбденов көшесі арқылы жүзеге асырылады.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу