Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Алматыда тұрғын үй кешенінің ауласында түнгі уақытта болған жанжалдың бейнежазбасы тарады, - деп хабарлады Aikyn.kz.
Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Түрксіб ауданында 4 тамыз күні сағат 03:50 болған. Өзара таныс 5 ер адам сөзге келіп, былапыт сөздер айтып, жанжал шығарған және тұрғындардың тыныштығын бұзған.
— Оқиғаға қатысқан барлық азаматтың жеке басы анықталып, жауапкершілікке тартылды. Олардың екеуіне қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар, бес азаматтың барлығына қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік материалдар жинақталып, процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды, — деп хабарлады департаменттен.