Алматыда Тұңғыш Президент саябағының жанындағы жаяу жүргіншілер көпірі бұзыла бастады

08.04.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Алматы тұрғындары Тұңғыш Президент саябағы маңындағы көпірдің жағдайына алаңдаулы. Бостандық ауданының әкімдігі жағдайға қатысты пікір берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы тұрғындары Тұңғыш Президент саябағы маңындағы көпірдің жағдайына алаңдаулы. Бостандық ауданының әкімдігі жағдайға қатысты пікір берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Не болған?

Желіде әл-Фараби даңғылы мен Дулати көшесі қиылысындағы жерүсті жаяу жүргіншілер өткелінің фотосы пайда болды. Суретте көпірдегі тесік анық көрінеді.

Пікір қалдырушылар бұл көпірмен өту қауіпті болып кеткенін айтып жатыр.

"Көпірдегі тесіктерден жолда өтіп бара жатқан көліктер көрінеді. Көпірді нығайтты - енді бұрынғыдай қатты шайқалмайды, бірақ мына тесіктер... Одан өту әлі де қорқынышты", – деп жазады алматылықтар.

Кадрлар

Біз жағдайды анықтау үшін аталған көпірді барып көрдік.

Іс жүзінде оның жағдайы қауіпсіздік талаптарынан өте алыс болып шықты: конструкцияда тесіктер бар, кей жерлерінде жабыны бұзылған, ал зақымдалған тұстарынан төменгі жағы көрініп тұр.

Біз көлемі әртүрлі кем дегенде 10 тесікті санадық.

Кейбір жерлерде жаяу жүргіншілер үшін қауіп төндіруі мүмкін саңылаулар бар.

Барлық қиындыққа қарамастан, адамдар көпірді белсенді пайдалануды жалғастырып жатыр. Бірі жұмысқа асықса, бірі баласын жетелеп барады, енді бірі конструкцияның жағдайына мән берместен өтіп жатыр.

Әкімдіктің жауабы: 15 жыл бойы күрделі жөндеу көрмеген

Редакция түсініктеме алу үшін Алматы әкімдігіне жүгінді. Бостандық ауданы әкімінің аппараты көпірдің 2011 жылы салынғанын және содан бері бірде-бір рет күрделі жөндеуден өтпегенін хабарлады.

"2026 жылы әкім аппаратының тапсырысы бойынша нысанды жөндеуден өткізу үшін дайындық жұмыстары басталды. Оны 2026 жылдың үшінші тоқсанының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр", – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Көпірдің несі дұрыс емес?

2025 жылдың қарашасында Tengrinews.kz тілшілері қалалық жерүсті өткелдеріне инспекция жүргізіп, бірқатар жүйелі мәселені анықтаған болатын.

Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағының қарсысындағы көпір / 2025 жылғы қараша / Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Атап айтқанда, Тұңғыш Президент саябағының қарсысындағы өткел сол кездің өзінде тозған болатын: кей жерлерде көпірге апаратын баспалдақтар шөгіп кеткен, ал металл бөліктерінде тот пайда болған. Жалпы, көпір қараусыз қалып, мүжіліп бара жатқандай көрінетін.

Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағының қарсысындағы көпір / 2025 жылғы қараша / Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағының қарсысындағы көпір / 2025 жылғы қараша / Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Бұдан бөлек, ол мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін мүлдем қолжетімсіз болып шықты:

лифтілерге баратын жолға қиыршық тас төгілген; лифтілер жұмыс істемеді, шаң басып қалған немесе қоқысқа толған; шыны қоршаулар ұзақ уақыт бойы тазаланбаған. Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағының қарсысындағы көпір / 2025 жылғы қараша / Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Сол кезде әкімдіктегілер саябақ маңындағы екі өткел Тұңғыш Президент саябағының өзін күрделі жөндеу аясында жаңартылатынын мәлімдеген еді.

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью