Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Алматы қаласы коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Жандос Қайырхановтың айтуынша, қазір қаладағы 9,6 мың көппәтерлі тұрғын үйді 2,5 мыңнан астам Мүлік иелеренің бірлестігі (МИБ), Пәтер иелеренің кооперативі (ПИК) және басқарушы компаниялар басқарады.
Былтыр оларға 265 тексеріс жүргізіліп, 66 әкімшілік хаттама толтырылған. 37 нысан 10 млн теңгеден астам сомаға жауапқа тартылған. Биылдың өзінде 151 тексеріс басталып кетіпті.
— Тұрғын үйдің тозуына байланысты көп өтініш түсті. Уақытылы күрделі жөндеу жасамаған, құрылым мен инженерлік жүйелер ескірген, осының бәрі айналып келіп үлкен мәселеге болып отыр. Сондықтан биыл 100 үйді жөндеп, 45 жеделсаты ауыстыруды жоспарлап отырмыз. Бұл 300 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, — деді Жандос Қайырханов.
Сондай-ақ ол қолданыстағы ПИК-тер биыл шілде айына дейін қайта тіркеуден өтуге тиіс екенін атап өтті. Ол үшін ХҚКО арқылы өтініш, жиналыс хаттамасы мен тіркеу алымының төленгені туралы құжат тапсыру керек. Белгіленген мерзімде талап орындалмаған жағдайда кооперативтерді мәжбүрлі түрде тарату рәсімі қарастырылған. Одан бөьек заңда уақытша басқарушы компаниялар институты көзделген. Бұл жаңа үйлерге де, сондай-ақ тұрғындары басқару нысанын әлі таңдамаған нысандарға да қатысты.
Еске салайық, Алматының Түрксіб ауданында 150-ден астам ескі тұрғын үй сүріледі.