Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АЛМАТЫ, 18 наурыз - Sputnik. Алматыда он отбасы баспанасыз қалатын болдық деп дабыл қағып отыр. Кемінде жеті жыл тұрған пәтерін босату туралы банктен қағаз келгелі тұрғындардың мазасы кеткен. Оқиғаның мән-жайын Sputnik Қазақстан тілшісі біліп қайтты.
© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматыда тұрғындар мен банк арасында дау шықты
Алматыда тұрғындар мен банк арасында дау шықты
© Sputnik / Айдана Дайырова
Қараңғы дәліз, терезесі жоқ бөлме. Баспана емес, басқа мақсат үшін салынған ғимарат. Бірақ он отбасы пана тұтып, он жыл бойы үйім деп тұрып келген. Алматыдағы Түлкібас көшесіндегі үш қабатты бұл ғимараттың бірінші қабатында дүкен орналасқан. Ал қалған екі қабаты – баспана.
"Біз бұны бірнеше жыл бұрын Ләззат Әубәкірова деген әйелден сатып алдық. Кәдімгідей нотариусқа барып, келісімшарт жасастық. Мен 10 млн теңгеге алдым, 3,5 млн теңгесін беріп, қалғанын бөліп төлейміз деп келістік. Сөйтіп бірнеше жыл ай сайын төлеп келе жатыр едік, осыдан біраз бұрын мына ғимарат банкке өтіп кеткен деген сыбыс шықты. Біз төлеуді тоқтаттық", - дейді Гүлмира Сәтжанова.
Бұл ғимаратты пана тұтқандардың арасында мүмкіндігі шектеулі жандар, жас отбасы, науқастар да бар.
© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматыда тұрғындар мен банк арасында дау шықты
Алматыда тұрғындар мен банк арасында дау шықты
© Sputnik / Айдана Дайырова
"Он отбасы далада қалайық деп отырмыз. Банк бізге шықсын деп жатыр. Баратын жеріміз жоқ. Ләззат тағы ақша жинап беріңдер дейді. Біз алданып қалғанымызды шамамен 4-5 жыл бұрын білдік. Бірақ кетпедік, өйткені барар жер, басар тауымыз жоқ. Өз күшімізбен осы ғимаратты жамап-жасқап келеміз", - дейді тұрғындар.
Мәселенің мән-жайын Sputnik Қазақстан тілшісі Ләззат Әубәкіровадан да сұрап білді. Оның айтуынша, мәселе мүлдем басқаша өрбіген.
"Тұрғындар тиісті қалған ақшасын берген жоқ. Мен оларға бірнеше рет ескерттім. Бірақ олар тілімді алмады. Міне күні бүгінге дейін ешнәрсе төлемеді. Мен өзімнің педагогикалық еңбекақыммен төлеп келіп, шаршадым. Сосын банкке алсаңыздар ғимаратты ала беріңіздер дедім. Менде барлық құжат сақталған, бәрі заңды", - дейді Ләззат Әубәкірова.
Әр тұрғын туралы жеке-жеке есеп берген ол тұрғындар заңды белден басып отыр дейді.
© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматыда тұрғындар мен банк арасында дау шықты
Алматыда тұрғындар мен банк арасында дау шықты
© Sputnik / Айдана Дайырова
"Олар ақшаны төлеудің орнына керісінше басқаларға жалға береді. Сонда тұрған әр тұрғын туралы айта аламын. Пәтерге алғашқы жарнаны берген соң, қалған соманы төлеу керек қой. Мен оларға қарапайым тілмен түсіндіре алмадым. Біз әу баста нотариусқа барғанда ғимараттың банкте тұрғанын білді, көрді. Мен тек ғимарат қожайыны ретінде ғана тіркелдім. Өйткені бірінші қабатта менің дүкенім бар, сол себепті ғана менің қатысым болды", - дейді Әубәкірова.
Ал "ЦентрКредит Банкі" мәселені шешу үшін сотқа да жүгінгенбіз дейді.
"Банк алдында қарыз алушының 2007 және 2009 жылдары жасалған екі қарыз шарты бойынша міндеттемелері болған. Төлемдер тоқтатылғаннан кейін банк берешекті өтеу туралы талап-хаттар жолдады. Тиісті жауап болмаған соң, банк сотқа жүгінді. 2012 жылы сот берешекті банк пайдасына өндіру туралы шешім шығарды. Бүгінгі таңда төлем 2 723 күн кешіктірілді", - дейді банктің баспасөз қызметі.
2016 жылы атқарушылық іс жүргізу аясында тұрғын емес үй-жай сатылымға шығарылған. Банк сауда-саттық жеңімпазы атанып, содан бері мүліктің заңды меншік иесіне айналды.
© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматыда тұрғындар мен банк арасында дау шықты
1/12
© Sputnik / Айдана Дайырова
Алматыда тұрғындар мен банк арасында дау шықты
© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматыда тұрғындар мен банк арасында дау шықты
2/12

3/12

4/12

5/12

6/12

7/12

8/12

9/12

10/12

11/12

12/12

"Тағы бір атап өтерлік жайт, нысан өндірістік цех ретінде пайдалануға берілген. Соған қарамастан, бұрынғы меншік иесі үй-жайды өз бетімен қайта жабдықтап, тұрғын үй ретінде жалға беріп келген. Қазіргі хабарлама үй-жайды босату қажеттілігіне байланысты жолданды. Бұл заң аясындағы стандартты рәсім. Бас тартқан жағдайда, банк сотқа мәжбүрлеп шығару туралы талап арызбен жүгіне алады", - дейді ЦентрКредит Банкінің баспасөз қызметі.