7kun.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Алматыда ақылы тұрақтар жүйесіне өзгеріс енгізу жоспарланып отыр.
Қала билігі резиденттік абонемент жүйесін қарастырып жатыр. Жаңа тәртіп бойынша тұрғындар үйлерінің маңындағы ақылы тұрақтарға көліктерін тегін қоя алады.
Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Ержан Диханбаевтың айтуынша, бір пәтерге бір тегін тұрақ орны берілуі мүмкін. Егер тұрғын пәтер иесі болса, тұрақ орны автоматты түрде рәсімделеді. Ал жалға алушылар сол мекенжайда тұратынын ресми түрде растауы тиіс.
Қала әкімдігі бұл бастама көлік жүктемесін азайтып, ақылы тұрақтар жүйесін реттеуге көмектеседі деп отыр.