Алматыда түркі әлеміне арналған халықаралық симпозиум өтті

05.11.2025

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Алматыда халықаралық Түркі әлемі коммуникация және өнер симпозиумы өтті.

Шара барысында деректі фильмдер фестивалінде жүлдеге ие болған туындылар көпшілік назарына ұсынылды. Бұл байқауға 150-ге тарта фильм түскен. Соның ішінен 10 үздік жұмыс таңдап алынды. Жүлдеге ие болған картинаның бірі тележурналист Ғабит Бөкенбайдың жетекшілігімен түсірілген «Соңғы көшпенділер» деректі фильмі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар түркі мемлекеттері арасындағы мәдени және ғылыми байланысты нығайтады. Журналистика саласындағы ынтымақтастықты арттырып, түркі елдерінің бай мәдени мұрасын кеңінен насихаттауды көздейді.

Мендерес Демир, Түркі әлемі журналистері федерациясының президенті:

- Халықаралық Түркі әлемі коммуникация және өнер симпозиумы 5-рет, ал Түркі әлемі деректі фильмдер фестивалі 10-мәрте өткізіліп жатыр. Ұйымдастыру барысында байқағанымыз жас таланттар бар. Біз соларға қолдау көрсетуге тиіспіз. Фестивальдің ерекшелігі оған студенттер де, кәсіби режиссерлар да қатыса алады. Мақсатымыз тәжірибе алмасу және түркі әлемін дүние жүзіне паш ету.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью