Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркияның командалары қатысты.
Жобаның басты мақсаты – түркітілдес елдердің жастары арасындағы достықты нығайту, мәдени және шығармашылық байланыстарды дамыту, сондай-ақ «Жайдарман» жобасын халықаралық деңгейге шығару.
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Нәтижесінде бірінші орынды Рудный қаласынан келген қазақстандық команда жеңіп алды. Екінші және үшінші орындарды Қырғызстан мен Түркия құрамалары иеленді.
Айта кетейік, Түркі әлемінің жасанды интеллект этикасына арналған алғашқы жиыны өтті.