Алматыда Ұлан сарбаздары ант қабылдады

19.01.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Алматыдағы 5571 әскери бөлімінде 600-ден астам ұландық жас сарбаз әскери ант қабылдады. Әскери бөлім қатарына жаңадан қосылған сарбаздар ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Салтанатты рәсімге әскери бөлімнің ардагерлері, Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша «Аналар жүрегі» сарбаздар аналары комитетінің өкілі Татьяна Тропина, алматылық жедел құраманың басшылығы, сондай-ақ сарбаздардың ата-аналары мен туыстары қатысты.

Ант беру рәсіміндегі тосынсый: Астанада сарбаз сүйіктісіне ұсыныс жасады

Салтанатты жиында сөз сөйлеген 5571 әскери бөлімінің командирі, полковник Мақсат Баймағұлов жас сарбаздарды маңызды тарихи сәтпен құттықтап, олардың алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

– Бүгін әскери бөлімде ерекше әрі маңызды оқиға болып отыр. Жас сарбаздардың әскери ант қабылдауы – біз үшін мәртебелі күндердің бірі. Осы сәт өмірлеріңізде мәңгі есте сақталатынына сенімдімін. Бүгіннен бастап сіздер Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының сарбаздары қатарына ресми түрде қосылдыңыздар. Енді ел тыныштығын сенімді қорғап, әскери борыштарыңызды адал атқарыңыздар. Ұлттық ұланның атын, оның бай әскери дәстүрін абыроймен жалғастыру – сіздердің басты міндеттеріңіз, – деді бригада командирі.

Осылайша, жас жауынгер курсынан өткен және әскери ант қабылдаған сарбаздар бүгіннен бастап еліміздің заңдылығы мен қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен бір сапта қызмет ететін болады.

Естеріңізге сала кетейік, 5571 әскери бөлімінің жеке құрамы оңтүстік астананың қоғамдық-саяси, спорттық, мәдени іс-шараларына, сондай-ақ мегаполистегі қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысады.

Сарбаздар әскери ант қабылдады

Ант берген сарбаздар жақын арада Алматы көшелерінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауға кіріседі.

Алматыда ІІМ Академиясының 300 курсанты Ант қабылдады

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: Конституциялық реформаның талқылана басталғанына жарты жыл болып қалды

Парламент • Бүгін, 13:47

Бүгін - Тәрбие құрылымдары офицерлерінің күні

Әскер • Бүгін, 13:06

Депутаттар азаматтардың саяси реформаға қызығушылық танытып отырғанын айтты

Президент • Бүгін, 13:00

Конституциялық өзгерістер: Парламенттің рөлі күшейтіледі

Реформа • Бүгін, 12:55

Ант беру рәсіміндегі тосынсый: Астанада сарбаз сүйіктісіне ұсыныс жасады

Айбын • Бүгін, 12:47

Конституциялық реформа: 1,6 мыңнан астам ұсыныс түсті

Реформа • Бүгін, 12:43

Тоқаев: Конституцияның бірден бірнеше бөлімін қайта қарау қажет болады

Президент • Бүгін, 12:43

Жамбыл облысында жол ережесін 155 рет бұзған жүргізуші ұсталды

Аймақтар • Бүгін, 12:35

Парламент қалай өзгереді? Президент Жұмыс тобымен бірге конституциялық реформаға қатысты негізгі тәсілдерді талқылады

Президент • Бүгін, 12:34

Берлинде павильон ашылды: Немістер Қазақстан өнімдеріне қызығушылық танытты

Қазақстан • Бүгін, 12:31

Сырдарияда он гидробекет орнатылады: Қазақстан мен Өзбекстан суды қалай бөліспек?

Аймақтар • Бүгін, 12:28

Сүт өнімдерінің бағасы төмендеді: Үкімет бағаны қалай қалпына келтірді?

Қоғам • Бүгін, 12:19

Түркістан облысында нан неге қымбаттады?

Аймақтар • Бүгін, 12:07

Олимпиада: Қазақстан биатлоншыларына 4 жолдама берілді

Спорт • Бүгін, 11:53

Жалған ақпарат: Алматыдағы мектептерге террористік шабуыл жасалуы мүмкін

Заң • Бүгін, 11:47

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью