Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Алматыда ұлттық жоғарғы оқу орнының ғимараты жекенің қолына өтіп кеткен, деп хабарлайды қалалық прокуратура.
Алматыдағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ғимаратын заңсыз жекеге беріп жіберген. Ғимараттың аумағы – 208 м².
"Прокуратураның талап-арызы бойынша сот жасалған мәмілелерді жарамсыз деп таныды. Сот актісі заңды күшіне енді. Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру саласындағы уәкілетті орган қайтарылған активке бағалау жүргізіп жатыр", - дейді прокуратура.
Мемлекеттік мүлікті пайдалану және иеліктен шығарудың заңдылығын Алматы қаласы прокуратурасы қадағалайды.