Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Тексерулердің негізгі мақсатықұқық бұзушылықтың алдын-алу, қылмыстық жолмен алынған мүлікті сатып алу, сондай-ақ зергерлік бұйымдарды заңсыз сату фактілерін анықтау.
Рейдтер барысында потенциалды проблемалық сауда нүктелеріне және құқыққа қарсы қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға ерекше назар аударылды.
— Іс-шаралардың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтуралы кодексінің 449-бабы 1-бөлігінде және 505-бабы 1-бөлігінде көзделген бестен астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Әрбір факті бойынша әкімшілік хаттамалар жасалып, кінәлі тұлғалар заңда белгіленген жауаптылыққа тартылды, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар аудан прокуратурасының үйлестіруімен жедел-іздестіру шаралары шеңберінде Алматы қаласының Криминалдық полиция қызметкерлері ұрланған мүліктің заңсыз айналымына қатысы бар қала тұрғынын анықтап, ұстады. Тінту барысында оның тұрғылықты жерінен, ұрланған 30 ұялы телефон және 2 планшет табылып, тәркіленді.
Қазіргі уақытта алты ұялы телефонның заңды иелері анықталды. Алынған басқа мүлік бойынша жәбірленушілерді анықтау жұмыстары жүргізілген.
Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 196-бабымен (көрінеу қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңсыз сатып алу немесе сату) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Соттың санкциясы бойынша күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.
Алматы қаласының прокуратурасы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көрінеу қылмыстық жолмен алынған мүлікті сатып алу және сату үшін қамауға алу және бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін жауаптылық көзделгенін ескертеді.
Бұған дейін Алматыда пәтерлерге ұрлыққа түсіп жүрген күдікті ұсталған еді.