Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Олардың арасында гаджетке тәуелді жеткіншектер де бар.
Видео ойынға тәуелділік салдары психикалық ауытқуға әкелуі мүмкін. «Қауіпсіз болып көрінген ойындар бала дамуын тежеп, жүйке жүйесі мен мінез-құлқына кері әсер етеді», - дейді мамандар.
Сапар Құттыбайұлының психиатрия саласында жұмыс істегеніне 30 жылдан асқан. Ол балалар гаджетке тез тәуелді болатынын айтады. Тіпті виртуалды әлем мен шынайы өмірдің ара-жігін ажырата алмай қалғандары да бар. Амалы таусылған ата-ана баласын психикалық сауықтыру орталығында емдетуге мәжбүр болған.
Сапар Рахменшеев, қалалық Психикалық сауықтыру орталығының директоры:
- Сегіз жасар бала 2-3 күн қатарынан ойын ойнап, түнгі ұйқысы бұзылып, көзіне әртүрлі елестер пайда болып, сөйтіп ата-анасы бізге алып келді. Сонда жаңағы баланы көргенде ол бала жаңағы ойынның ішіне кіріп кеткен, сол ойыннан әлі шыға алмай, соның ішінде жүр бала. Яғни оның көз алдында елестер әртүрлі жаңағы ойынның ішіндегі персонаждар құлағына да дауыстар естіліп жатыр, көрдіңіз бе бұл жерде мидың тынықпағанының нәтижесінде.
Алматы тұрғыны Бақыт Нұратдинова да смартфонды серік еткен бүлдіршіндерінің мінез-құлқы өзгергенін байқаған.
Бақыт Нұратдинова, қала тұрғыны:
- Бұрын менің екі кішкентай балам телефоннан көз алмай көп ойнайтын. Сосын біз олардың мінездерінің өзгергенін байқап, тыйым салатын болдық. Ашуланшақ болып кетті, тіл алмайды. Айтқанды істемейді. Сол үшін телефонның уақытысын азайтып, екі сағат, бір сағат, жарты сағатқа азайтып, мүлдем қазір бермейтін болдық. Содан кейін балалардың мінезі өзгеріп сол телефонның орнына лего ойнайды, сурет салады, билейді, өлең айтады.
Дәрігерлер әсіресе бір жасқа толмаған балаларға телефон беру қауіпті екенін ескертеді. Жүйке жүйесі дұрыс қалыптаспай, психикасында ауытқу пайда болуы мүмкін. Ал үлкендеу баланы жай ғана шектемей, келісім жасау тәсілін қолануға кеңес береді.
Сапар Рахменшеев, қалалық Психикалық сауықтыру орталығының директоры:
- Біріншіден, балаларымызға уақытылы көңіл бөле бастауымыз керек. Екіншіден, ол балалармен келісім жасауымыз керек. Мысалы, мектептен келгеннен кейін бір сағат тынығасың, екі сағат үй тапсырмаңды орындайсың, содан кейін барып ойнауға бір жарты сағат уақыт беріледі. Сонда ғана ойнайсың деген сияқты сондай келісім жасауымыз керек.
Бүлдіршіндер телефондағы ойынға әуес болса, жасөспірімдерде әлеуметтік желіге тәуелділік байқалуда. Кибералаяқтық пен кибербуллингке ұшырағандар да бар. Осы қауіптердің алдын алу мақстында, елімізде 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерге тіркелуіне тыйым салынуы мүмкін. Үкімет отырысында бұл мәселені Премьер-министрдің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева көтерді. Жаңа заң жобасы жасөспірімдерді интернеттегі зиянды контенттен қорғайды. Құжаттағы өзгерістер сараптамадан өтіп, қоғамдық талқылауға шығарылды.
Авторлары: Ернұр Рысбай, Радик Жакупов