Алматыда ұшақта шетелдік төрт азамат төбелес шығарған

17.12.2025

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

АЛМАТЫ, 17 желтоқсан - Sputnik. Алматыда әуе рейсінің бортында шетелдіктер төбелес шығарды, деп хабарлайды көліктегі полиция департаменті.

Шетелдік 4 азамат "Алматы – Бангкок" бағытындағы әуе рейсінде төбелес шығарған.

"Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері акті бойынша шет елдік төрт азаматты түсірді. Олардың екеуі алкогольдік масаң күйде болған. Өзара жанжал туындап, оның соңы төбелеске ұласқан", - дейді ведомство.

Әуе кемесінің бортында бұзақылық әрекеттер жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Құқық бұзушылардың екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью