Алматыда үстіне ағаш құлаған 19 жастағы бойжеткен қайтыс болды

10.07.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Алматыда үстіне ағаш құлап, зардап шеккен 19 жастағы Селина Абитова ауруханаға түскеннен кейін екі аптадан соң қайтыс болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы жұма, 10 шілдеде, біздің редакцияға №4 қалалық клиникалық аурухананың баспасөз қызметі хабарлады.

"Науқас 27 маусымда №4 қалалық клиникалық ауруханаға өте ауыр хәлде түсті. Жағдайының ауырлығына байланысты ол анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде ем алды", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметі мәліметінше, дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін барлық шараны жасаған. Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде реаниматолог дәрігерлер мен орта медициналық персоналдың тәулік бойы бақылауы ұйымдастырылды.

"Жүргізілген емдік-диагностикалық іс-шаралар кешеніне қарамастан, 14-ші күні науқастың жүрегі тоқтап қалды. Жүргізілген реанимациялық шараларға қарамастан, биологиялық өлім тіркелді", - деп түсіндірді медициналық мекеме өкілдері.

Клиникалық аурухана дәрігерлері мен әкімшілігі қыздың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Еске сала кетейік, төтенше жағдай Баум тоғайында болған еді. Туыстарының айтуынша, отбасылық серуен кезінде Селинаның үстіне дәу құрғақ ағаш құлаған. Қыз бассүйек-ми жарақатын алып, аяғы мен жамбасы ашық сынған.

Биіктігі 12 метр қараағаш санитарлық кесуге жататын ағаш ретінде белгіленген, бірақ айналасына ескерту белгісі қойылмаған. Табиғи саябақ басшылығы сол күні екпінді жел 13 ағашты құлатқанын айтты.

Әкімдік оқиғадан кейін тергеу басталғанын мәлімдеді.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью