Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Фото: istockphoto.com
Бас прокуратураның мәліметінше, күдіктіні елге қайтару жұмыстары Бас прокуратура, ҚР Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросы және Қазақстанның Вьетнамдағы Елшілігінің қолдауымен жүзеге асқан.
Тергеу нұсқасына сәйкес, күдікті 2022-2023 жылдары сыбайласымен бірге Алматы аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, нәтижесінде 12 миллион теңгеден астам қылмыстық табыс тапқан.
Трансұлттық қылмыстық топты басқарған күдікті Польшадан экстрадицияланды
Қылмыстан кейін күдіктілердің бірі жауапкершілікке тартылса, екіншісі құқық қорғау органдарынан жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған.
«Биыл ақпан айында ол Вьетнам аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Айып тағылған қылмысы үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде қылмыстық топ ұйымдастырып, екінші деңгейлі банктер мен азаматтардан 1,8 млрд теңге жымқырды деген күдікті Қырғызстаннан экстрадицияланған болатын.