Алматыда зейнеткерді аяусыз соққыға жыққан: шабуылдаушыға үкім шықты

10.09.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Алматыда сот Қарғалы шағынауданындағы аялдамада 66 жастағы әйелді аяусыз соққыға жыққан ер адамға қатысты үкім шығарды. Шабуыл жасаған адам бір жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салсақ, 23 сәуірде таңертең Алматыдағы аялдамалардың бірінде әйелге шабуыл жасалған. Соққыға жығу сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалып, желіде тарады. Шабуыл видеосы қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Басы мен бетінен бірнеше рет ұрған

Іс материалдарына сәйкес, ер адам еш себепсіз егде әйелге тап беріп, оның басы мен бетінен жұдырықпен 5-6 рет ұрған, сондай-ақ бірнеше рет тепкен.

Салдарынан әйел басы мен бетінен көптеген жарақат алып, денесінде гематомалар пайда болған. Сот-медициналық сараптама келтірілген жарақаттарды денсаулыққа тигізілген жеңіл зиян деп таныды.

Ер адамның кінәсі оқиға орнындағы бейнежазба және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді.

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

306 заңбұзушылық: Астанада жүргізуші жазаланды

Кеше 18:00 1

Үкім

Сот ер адамды Қылмыстық кодекстің 108-1-бабы 2-бөлігі "Бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру" бойынша кінәлі деп танып, оған бір жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейтін болады.

Сондай-ақ сот жәбірленушінің азаматтық талап-арызын қанағаттандырды. Сотталған азаматтан 534 348 теңге материалдық шығын, өкілге жұмсалған 500 мың теңге шығын және моральдық зиянды өтеу ретінде 500 мың теңге өндірілді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью