Алматыда жалған интернет дүкендер арқылы адамдарды алдаған әйел ұсталды

26.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, көйлек сату сылтауымен азаматтарды алдаған күдікті әйел ұсталды.

Тергеу барысында оның Instagram әлеуметтік желісінде жалған парақшалар ашып, әйелдер киімін сататыны жөнінде хабарландыру жариялағаны анықталған. Ол сатып алушылардан алдын ала төлем аударуды сұрап, қаражат түскеннен кейін байланысқа шықпай, аккаунттарды бұғаттап, хат-хабарларды өшіріп отырған.

- Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, оған қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ осыған ұқсас басқа да интернет-алаяқтық фактілеріне қатысы бары тексеріледі, - деп хабарлады департаменттен.

Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Еділхан Байғараев онлайн сатып алу кезінде барынша сақ болуға, бейтаныс тұлғаларға ақша аудармауға және сатушыларды алдын ала тексеруге шақырды.

Еске салайық, ІІМ әлеуметтік желідегі танысу туралы жазбалардың артында алаяқтар тұруы мүмкін екенін ескертті.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью