Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады

01.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының мәліметінше, аталған маршрутқа «Алматыэлектротранс» ЖШС қызмет көрсетеді. Күн сайын желіге Yutong маркалы 15 автобус шығады. 

– Бұл – ұзындығы 10 метр болатын заманауи төмен еденді автобустар. Әрқайсысына 80 жолаушыға дейін сыяды және қарбалас уақытта жолаушыларға тиімді қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Қозғалыс аралығы – 9 минут, - деп хабарлады басқармадан. 

№ 130 бағыт «Қалқаман» шағын ауданындағы № 7 қалалық клиникалық ауруханадан Көктөбе аялдамасымен дейін қатынайды. Бағыттың жалпы ұзындығы – 21,5 км. Автобустар күн сайын сағат 05:30-дан 23:00-ге дейін жүреді. 

Маршрут Райымбек батыр, Сейфуллин, Достық даңғылдары, Сәтбаев көшесі және қаланың басқа да маңызды көшелері арқылы өтеді. Сондай-ақ автобустар бұрын қоғамдық көлік жүрмеген Бұқар жырау бульвары бойымен де қатынайды. 

Жаңа бағыт қаланың батыс және орталық бөліктері арасындағы байланысты жақсартпақ. 

Еске салайық, Алматының бір көшесінде қозғалыс жазға дейін шектеледі

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью