Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
AlmatyJoly Telegram-арнасының мәліметіне сүйенсек, шешімдердің бір бөлігі жедел форматта – жол таңбалары мен пилоттық жобалар арқылы енгізіледі.
"Адамдарға арналған қала" қағидаты
Атап өтілгендей, қоғамдық көлікке, жүргіншілер мен велосипедшілерге басымдық беріледі.
Бір автобус жолағы кәдімгі автожолаққа қарағанда әлдеқайда көп адам тасымалдай алады.
Жаңа bus lane қай жерде қарастырылған
Қоғамдық көлікке арналған жаңа арнай жолақтар мына көшелерде болады: Әл-Фараби даңғылы, Тілендиев, Шевченко, Құрманғазы, Сәтбаев, Өтеген батыр, Рысқұлов көшелері, Шығыс айналма автомобиль жолы (ШААЖ) және Солтүстік айналма жолы:
Веложелі ұлғаяды
Биыл веложелінің ұзындығы 87 шақырымнан, 125,5 шақырымға дейін, яғни шамамен 40 шақырымға арттыру жоспарланып отыр.
Біржақты қозғалыс қай көшелерде болады:
Белгілі болғандай, бірқатар көшеде, соның ішінде "Тастақ" базары маңында, сондай-ақ, Әуезов-Байзақов, Жуков-Уәлиханов және Радостовец көшелерінің учаскелерінде біржақты қозғалыс енгізу мүмкіндігі қарастырылып отыр.
Сонымен қатар мамандар Тимирязев, Жандосов, Манас, Мыңбаев, Береговая, Армянская, Айманов және Пушкин көшелерінде біржақты қозғалыс енгізу мүмкіндігін пысықтап жатыр.
Мұнымен қоса мамандар, жедел пилоттық шешімдердің маңыздығына тоқталды.
Алдымен жаңа қозғалыс сызбалары жол таңбалары мен уақытша қозғалыс ұйымдастыру тәсілдері арқылы сынақтан өткізеді. Оң нәтиже болған жағдайда бұл қаланың басқа учаскелеріне де енгізіледі.
Сарапшылардың пікірінше, күтілетін нәтижелер:
көшелердің өткізу қабілетін 20-25%-ға арттыру; жол-көлік оқиғаларын 35%-ға дейін азайту; қаланың негізгі көлік тораптарына түсетін жүктемені төмендету.Бұған дейін 23 мамырдан бастап Алматыда Уәлиханов көшесінің Қабанбай батыр көшесінен Қазыбек би көшесіне дейінгі бөлігінде солтүстік бағытта біржақты қозғалыс енгізілетіндігін жазғанбыз.