Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Алматы әкімдігінің мәліметінше, 2025 жылы қыркүйектен бастап жұмыс істеп келе жатқан бөлімше 16 орынға арналған. Мұнда шұғыл түрде түскен нәрестелерге көмек көрсетіледі, сондай-ақ жансақтаудан кейінгі балаларға қарқынды терапия және ерте оңалту қызметтері қарастырылған. Үш айдың ішінде 103 жаңа туған нәрестеге медициналық көмек көрсетілді.
Бір жылда орталықта 235 нәресте емделіп, олардың 52-сіне туа біткен даму ақауына байланысты шұғыл ота жасалды.
– Науқастар санының өсуі бөлімшенің мүмкіндіктерін кеңейтуге және жаңа орындарды ашуға негіз болды. 2025 жылдан бастап орталықта 0-ден 18 жасқа дейінгі балаларға арналған 12 орындық оториноларингология және жақ-бет хирургиясы бөлімшесі тәулік бойы қызмет көрсетеді. Алғашқы бес айда 83 балаға шұғыл және жоспарлы көмек көрсетілді. Жаңа бөлімшелердің ашылуы көрсетілетін медициналық көмектің аясын кеңейтуге мүмкіндік берді, - делінген хабарламада.
Былтыр 140,6 мыңнан астам бала медициналық көмек алды, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 22,5% көп. Жоспарлы тәртіпте Қазақстанның түрлі өңірінен келген 1 500-ден астам науқасқа мамандандырылған хирургиялық және консервативті көмек көрсетілді.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда былтыр 40 846 нәресте өмірге келгенін жазғанбыз.