Алматыда жасөспірімдер төбелесі екі баланың өлімімен аяқталды

30.04.2026

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

КТК дерегіне сүйенсек, жүрек тұсынан пышақ жарақатын алған екі бала ажал құшты. Марқұмдардың бірі — 17 жастағы Ешім Қалдыбай. Анасы Әйгерім Тәуекелова ұлынан мәңгілікке айырылғанына сене алар емес. Кеше кешқұрым 13 жастағы інісін алып, компьютер ойнауға кеткен ол, сол күйі үйіне оралмаған. Қанды қылмысқа қатысы бар деген күдікпен оннан аса бозбала тергеліп жатыр. Марқұмдарға пышақ сұққан екеуі қамауға алынған. Барлығы колледж студенттері екен. Көбісі кәмелетке де толмаған.

"Алдын ала болжам бойынша, бір-бірін танитын екі топ арасында жанжал туындады. Одан кейін бір-біріне дене жарақатын келтіре бастады. ҚР ҚК 99-бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы қылмысқа қатысы бар барлық тұлға ұсталды. Әрқайсысының іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады. Адам өліміне әкеп соққан әрекет істеген азаматтар да айқындалды. Олар қамауға алынды".Салтанат Әзірбек, Алматы қалаcы ПД ресми өкілі:

Қазір төбелестің себебі анықталып жатыр. Жігіттер қызға таласқан деген болжам бар. Қаза тапқан екі баланың бірі – Ешім Қалдыбайдың денесі 1 мамырда жер қойнына тапсырылады. Қара жамылған жақындары оның өліміне кінәлілер тиісті жазасын алса дейді.

Бұған дейін Астанада Ержан Бабақұмаровтың ісі бойынша сот шешімі шыққанын жазғанбыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью