Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Оның сөзінше, 2026 жылы Alatau Creative Hub базасында 12–18 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған тегін қосымша білім беретін халықаралық TUMO орталығы ашылады. Онда сегіз бағыт бойынша білім беріледі. Олардың қатарында генеративті жасанды интеллект, робототехника, веб-әзірлеу мен анимация бар.
— Бұл мектеп оқушыларына замандық цифрлық дағдыларды меңгеріп, болашақ мамандығын таңдауға мүмкіндік береді, — деді Мейрам Дүйсеков.
Сонымен қатар, ведомство өкілі кейінгі уақытта қаланың стартап-экожүйесіне 19,2 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылып, шамамен 6,9 мың жұмыс орны ашылғанын атап өтті. Айтуынша, алдағы уақытта 300 жаңа стартап-жоба құрып, 100 миллион АҚШ долларынан кем болмайтын инвестиция тарту жоспарланып отыр.
Одан бөлек 2026–2027 жылдарға арналған жоспарлар аясында көлік, қауіпсіздік және әлеуметтік қызметтер салаларында азаматтарды қолдауға арналған интеллектуалды дауыс және мәтіндік боттарды іске қосу, сондай-ақ Алматыда BLAST халықаралық турнирін өткізу көзделіп отыр.
Еске салайық, Алматыда 1 мамырдан бастап жүргізушісіз 50 автокөлік такси қызметін атқарады.