Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Қалалық экология және қоршаған орта басқармасының мәліметінше, бұл жұмыстар ағаштардың жағдайын жақсартуға, олардың зиянкестерге төзімділігін арттыруға және қаладағы экологиялық тепе-теңдікті сақтауға бағытталған.
Дәрілеу жұмыстары шамамен 2,3 млн жасыл желекті қамтиды. Іс-шаралар тиісті лицензиясы бар мамандандырылған мердігер ұйымдардың қатысуымен кезең-кезеңімен жүргізілмек.
Биыл дәрілеу жұмыстары төрт кезең бойынша ұйымдастырылады:
7 сәуір – 30 мамыр аралығы – бірінші кезең; 1 маусым – 30 маусым – екінші кезең; 5 шілде – 5 тамыз – үшінші кезең; 15 тамыз – 20 қыркүйек – төртінші кезең.Басқарма өкілдерінің айтуынша, жұмыстар негізінен түнгі уақытта жүргізіледі. Бұл күн сәулесінің тікелей әсері болмағандықтан, препараттардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
– Дәрілеу барысында қолданылатын биологиялық және қажет болған жағдайда химиялық препараттар сертификатталған, қауіптілігі төмен және адамдарға, құстар мен жануарларға қауіпсіз, – деп хабарлады ведомстводан.
Еске салайық, наурыз айының соңында Алматыда кенелерге қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмысы басталды.