Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Көлік жүргізушілері үшін қолайсыз ауа райына байланысты қала көшелеріндегі кептеліс күшейді. Мегаполисте күнделікті кешкі уақыттағы кептеліс 7-9 балл аралығында болса, дәл қазір 10 балға жеткен. 2GiS мәліметіне сәйкес, қаланың барлық негізгі көшелері «қызыл» және тіпті «қою қызыл» түспен боялған.
Еске салайық, Алматыда ауа райының қолайсыздығына байланысты коммуналдық қызмет күшейтілген дайындық режиміне ауыстырылды.
Фото: 2GIS«Алматы Тазалық» мекемесі және мердігер ұйымдар тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырды. Жұмыстарға 104 арнайы техника, 74 мотопомпа және 12 ассенизаторлық көлік тартылып, оның 9-ы су басу қаупі жоғары аумақтарға орналастырылды. 75 жедел бригада жасақталып, 2 300 құм толтырылған қап әзірленді. Жалпы тәуліктік кезекшілікке 2 710 жол саласы қызметкері жұмылдырылды.
Сондай-ақ ауа райының күрт бұзылуына байланысты Төтенше жағдайлар департаменті ескерту жасады.