Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Алматыда бір күнде жарты айда жауатын жауын-шашын түсті. Нөсер жаңбырға байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.
Алматыда бір күнде жарты айда жауатын жауын-шашын түсті. Нөсер жаңбырға байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.
Әкімдік ақпаратынша, 10 мамыр күні сағат 11:00-ден 11 мамыр күні сағат 20:00-ге дейін қала аумағына 50,4 мм жауын-шашын түскен. Бұл мамыр айына белгіленген айлық норманың (99 мм) 51 пайызына тең.
Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатырКоммуналдық қызмет су басудың алдын алу және оларды жедел жою мақсатында күшейтілген режимде жұмыс жүргізіп жатыр. Алматы Құтқару қызметі де кезекшілікке кіріскен.
ТЖД тарапынан 53 арнайы техника мен 240 қызметкер тартылған.
Қала инфрақұрылымының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бір тәулік ішінде 3 080 жол саласы жұмысшысы мен 1 225 арнайы техника қатыстырылған.
Жедел әрекет ету үшін 2 300 құм толтырылған қап дайындалған.
ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР
Медалін шешуді ұмытып кеткен қазақстандық спортшы әуежайда қызық жағдайға тап болды
29 сәуір 08:10 1
Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті
19 сәуір 22:47 1
Министр Қазақстандағы курьерлер мен такси жүргізушілері үшін алаңдатарлық болжам айтты
27 сәуір 18:41 1
Алматыдағы ауа райы болжамы12 мамырда бұлтты, жаңбыр жауады, күн күркірейді, түнде кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 3-8 жел соғады, түнде екпіні секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде +10...+12, күндіз +14...+16 градус.
13 мамырда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде +5...+7 градус, күндіз +17...+19 градус.
14 мамырда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +7...+9 градус, күндіз +19...+21 градус.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!