Алматыда жеке сот орындаушы 4,2 млн теңге жымқырған

28.04.2026

Qazaq24.com, 7kun.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Алматыда жеке сот орындаушының қызметін тексеру барысында мемлекет қаражатын жымқыру дерегі анықталды.
Бұл туралы қалалық прокуратура хабарлады. Тергеу мәліметінше, 2024 жылы ол қызметтік жағдайын пайдаланып, 4,2 млн теңгені заңсыз иемденген. Аталған қаражат алимент өндіру туралы істер бойынша көрсетілген қызметі үшін бюджеттен төленген.

Прокуратураның мәліметінше, сот орындаушысы заң талаптарын бұзып, бір өндіріс бойынша жылына бір рет қана төленуі тиіс сыйақыны бірнеше рет алған. Ол үшін Әділет департаментіне 47 іс бойынша 76 рет қайталама есеп тапсырған.

Іс сотта қаралып, Алмалы аудандық соты үкімімен сот орындаушы 2 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған бес жыл бойы кәсіби қызметпен айналысуға тыйым салынды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью