Алматыда жер телімдері мемлекетке қайтарылды

27.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Фото: Depositphotos.com

Аталған жер телімдері қаланың Түрксіб ауданында орналасқан.

«Бұған дейін бұл жерлер «Алматы ЗТО» ЖШС-нің меншігінде болған және тауарлы ауыл шаруашылығын жүргізуге арналған еді. Уәкілетті орган жүргізген тексеру барысында жер телімдерінің ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсатына сай пайдаланылмағаны анықталды. Жер иесіне анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріліп, жағдайды түзету үшін белгілі бір мерзім белгіленгенімен талаптар ішінара ғана орындалған. Аумақты тазарту және жер телімдерінің бірінде өңдеу жұмыстары жүргізілгенімен, нақты ауыл шаруашылығы өндірісі ұйымдастырылмаған», делінген әкімдік хабарламасында.

Алматы қаласының Жер ресурстарын басқару департаменті жер телімдерін мәжбүрлі түрде алып қою туралы талап арызбен сотқа жүгінді. Сот барлық 8 жер телімін, жалпы аумағы 14,6777 гектарды мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім шығарды.

Атырауда құны 700 млн теңгеден асатын мүлік мемлекетке қайтарылды

Сот ауыл шаруашылығы дақылдарын екпей, тек жекелеген агротехникалық жұмыстарды жүргізу тауарлы ауыл шаруашылығына арналған жерді талапқа сай пайдалану болып саналмайтынын атап өтті.

Бұған дейін Түркістан облысында бос жатқан 47,6 мың гектар жер мемлекетке қайтарылғаны туралы айтылған еді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью