Алматыда жоғалып кеткен 16 жасар қыз 10 күннен кейін қонақ үйден табылды

06.09.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Алматыда тамыз айында жоғалып кеткен 16 жастағы қыз 10 күннен кейін табылды. Бұл туралы Lider.kz ұйымының еріктілері Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.

Еске сала кетейік, қыз 23 тамызда жоғалып кеткен болатын. Ол шамамен сағат 17:15-те Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 189/3 үй, 3-корпус мекенжайындағы үйінен шығып кеткен.

Іздестірушілердің мәліметінше, 2 қыркүйекте жоғалған қызды полиция қызметкерлері Алматының Әуезов ауданындағы қонақүйлердің бірінен тапқан.

"Аман-есен, дені сау, оған ештеңе болмаған", - деп атап өтті еріктілер.

Оқиғаның басқа да егжей-тегжейі әзірге хабарланған жоқ.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Алматы қаласы және Алматы облысының «LIDER.KZ» еріктілерінің жарияланымы (@volontery_lider.kz_almobl)

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью