Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, жол көлік-оқиғасы бүгін сағат 00:40–та Алатау ауданында болған. Жедел жәрдем көлігі Саин даңғылымен келе жатып, бұрылмақ болғанында Kia маркалы автокөлікпен соқтығысқан.
— Жол апаты салдарынан екі көліктің жүргізушілері мен жолаушылары дене жарақатын алды. Өкінішке қарай, жедел жәрдем қызметінің 2002 жылғы өкілі бірнеше сағаттан кейін ауруханада жан тапсырды, — деп хабарлады департаменттен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Специально для КрисПи | Основа (@kris.p.original)
Қазір полиция адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін елордада тұрғын үй қасбетінің кірпіш қаптамасы құлап, жарақат алған фельдшер көз жұмған еді.
Елордада медициналық колледждегі аудиторияға қаза тапқан фельдшердің есімі беріледі.