Алматыда жол ережесін бұзған самокат жүргізушісіне айыппұл салынды

02.07.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Алматыда полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзған электр самокат жүргізушісін анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz cайты.

Инспектордың тоқтау туралы заңды талабына ол бағынбай, қозғалысын жалғастырып, оқиға орнынан бой тасалауға әрекеттенген. Осылайша, ол жол қозғалысының өзге қатысушыларына қауіп төндірген.

"Жүргізілген жедел  шаралардың нәтижесінде құқық бұзушының жеке басы анықталып, ол ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін оған 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар сот оны полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін кінәлі деп танып, 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл тағайындады", – делінген қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұған дейін электр самокат жүргізушілеріне талап күшейтілетіні хабарланған.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью