Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. Алматыда жолаушы такси жүргізушісін тапаншамен қорқытқан.
Солтүстік айналма жолында полиция экипажына "Kia" көлігі келіп тоқтаған. Көлікті тізгіндеген шетелдік тәртіп сақшыларынан көмек сұраған.
Полиция мәліметінше, көліктің артында отырған жолаушы тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, жүргізушіден Алматы облысындағы елді мекендердің біріне апаруды талап еткен.
Полицейлер дереу көлікті қоршап, күдіктіні ұстады. Тексеру барысында оның қолындағы заттың ойыншық тапанша екені белгілі болды.
Бір қызығы, күдіктіні ұстау кезінде өтіп бара жатқан көліктердің бірінің жүргізушісі оқиғаға алаңдап, таксимен соқтығысты.