Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Алматыда қоғамдық көлікте белгісіз ер адам тиісе бастаған қызды жолаушылар қорғап қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда қоғамдық көлікте белгісіз ер адам тиісе бастаған қызды жолаушылар қорғап қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Не болды?Желіде Алматыдағы автобустардың бірінде белгісіз ер адамның ұйықтап жатқан жолаушыға тиіскені туралы ақпарат пайда болды. Куәгерлердің айтуынша, ол қызды күштеп сүймек болған, кейін көшеде соңынан қалмай қойған.
Жазба Threads әлеуметтік желісінде 27 наурызда жарияланды. Жарияланым авторы құрбысы №86 бағыттағы автобуста тап болған жағдайды айтып берді.
"Сағат 11:30 шамасында ол автобуста ұйықтап қалған. Сол сәтте бейтаныс ер адам оның мойнынан ұстап алып, сүймекші болған. Құрбым не болғанын түсінбей, қатты қорыққан. Жанында отырған екі жігіт көмекке келіп, әлгі адамды автобустан қуып шықты", - дейді жазба авторы.
Автордың айтуынша, кейін полиция келген.
Полиция пікірі"Біраз уақыттан кейін бұл адамды босатып жіберген. Ең қорқыныштысы құрбым көшеде такси күтіп тұрғанда, ол артынан тағы келген. Құрбым қашып үлгерді. Қазір оның өміріне қауіп жоқ, бірақ мұндай жағдай ешкімнің басына түспеуі керек деп есептеймін", - деп жазды автор.
Алматы Полиция департаменті күдікті ұсталып, басқармаға жеткізілгенін хабарлады.
"Бұл азаматтың психоневрологиялық мекемеде есепте тұрғаны анықталды. Осыған байланысты ол мамандандырылған медициналық ұйымға жіберілді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға және заңды шешім қабылдауға бағытталған шаралар кешені жүргізіліп жатыр", – деп түсіндірді ПД баспасөз қызметі.
Ведомство өкілдері ер адамның іс-әрекетіне құқықтық баға берілетінін, сондай-ақ ӘҚБтК-нің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша іс материалдары сотқа жолданғанын айтты.
Анықтама: ӘҚБтК 434-бабының санциясы 20 АЕК (2026 жылы 86 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салуды немесе 20-дан 60 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарды немесе 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуды көздейді.
Следите за нашими новостями в Google News
Подписаться