Алматыда жүргізуші бес жаяу жүргіншіні қағып кетіп, ірі жол көлік оқиғасын тудырды

09.06.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Алматыда Audi автокөлігі жаяу жүргіншілерді қағып, кейін тұрақта тұрған көлікке соғылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматыда Audi автокөлігі жаяу жүргіншілерді қағып, кейін тұрақта тұрған көлікке соғылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мән-жайы

Полиция департаменті мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 9 маусымда таңғы сағат 8:20 шамасында болған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, Зенков көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан Audi жүргізушісі жолдың жүріс бөлігінде тұрған бес жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Бес зардап шегушіге де алғашқы медициналық көмек көрсетілді", - деп хабарлады полиция.

Полиция өкілдері зардап шеккендердің сол сәтте жолдан өтіп бара жатпағанын нақтылады.

Жаяу жүргіншілерді қағып кеткен жүргізуші қозғалысын жалғастырып, тұрақта тұрған Toyota автокөлігіне соғылған.

"Соқтығыс кезінде көлік иесі салонда болмаған. Соққы екпінімен Toyota жанында тұрған Subaru автокөлігін жанап өткен, оның да жүргізушісі көлік ішінде болмаған", - деп оқиғаның мән-жайын түсіндірді полициядағылар.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Бұған дейін Арыста 52 жастағы мұғалім жол талғамайтын көлікпен асқан жылдамдықта қоршауды бұзып өтіп, бес адам отырған орындыққа соғылған болатын. Салдарынан оқиға орнында 29 жастағы жүкті әйел, оның екі жасар ұлы және көршісінің бес жасар қызы қаза тапқан. Тағы үш адам қазір ауруханада ауыр халде жатыр. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Полиция күдіктіні анықтап, ұстады. Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью