Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Жеке тінту барысында одан ондаған дайын оралған түйіншек табылды. Сонымен қатар күдіктінің автокөлігінен осындай жүзден астам орама тәркіленді.
Ер адамның тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде шығу тегі сот сараптамасы арқылы анықталатын заттар, электронды таразы, қаптама материалдары және есірткіні орауға пайдаланылған болуы мүмкін өзге де заттар табылды.
Астанада мектеп оқушысынан 70-тен астам есірткі орамы тәркіленді
Сондай-ақ Алматы аумағындағы арнайы жабдықталған бес жасырын орыннан сараптамаға жіберілген зат салынған тағы 300-ден астам орама тәркіленді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.