Алматыда жылу желілерінің жартысынан астамы тозған

13.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қала әкімдігінің мәліметінше, жылыту маусымы жалпы алғанда тұрақты әрі қалыпты өткен, айтарлықтай іркіліс тіркелмеген.

— Апаттық қызметтер жедел жұмыс істеп, ақауларды уақытында жөндеді. Сонымен қатар желілердегі зақымдану саны азайған. Атап айтқанда, жылу желілерінде 276, су жүйесінде 434, газ желілерінде 153 жағдай тіркелді, — деп хабарлады әкімдік.

Алайда инженерлік инфрақұрылымның тозу деңгейі әлі де жоғары. Жылу желілерінің 53,9%-ы, электр желілерінің 63,3%-ы, қазандық жабдықтарының 63%-дан астамы тозған.

Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігі 2026 жылға ауқымды жаңғырту жұмыстары жоспарланғанын мәлімдеді. Атап айтқанда, жылу, су және электр желілерін, сондай-ақ қазандықтар мен газ инфрақұрылымын жөндеу және жаңарту көзделген.

— Негізгі міндет — тұрғындарды тұрақты әрі сапалы жылумен қамтамасыз ету. Осыған байланысты жұмыстарға бақылауды күшейту және жөндеу жұмыстарының қарқынын жеделдету жөнінде тапсырма берілді, — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда жылу беру 3 сәуірден бастап кезең-кезеңімен тоқтатылатынын хабарлаған едік.

Ал оның алдында Алматыда жылыту маусымы басталғалы 153 өрт тіркелгенін жазғанбыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью