Алматыдағы 1800 пайыздық кіріс аферасы ҚМА мәліметтерді жариялады

13.04.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Алматыда Boxy Wealth қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету дерегі бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Алматыда Boxy Wealth қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету дерегі бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында күдіктінің бір жыл бойы Алматы аумағында осы жобаның құрылымдық бөлімшесін басқарғаны анықталған.

Жоба www.boxywealth.com интернет-ресурсы және мессенджерлер арқылы жұмыс істеген. Соның ішінде "Күнделікті табыс" чатында бастапқыда халық тұтынатын тауарлар туралы ақпарат таратылып, кейін азаматтарды инвестициялық платформаға тарту жүзеге асырылған.

"Қатысу үшін пайдаланушыларға түрлі пакеттердің бірін сатып алып, күн сайын жарнамалық материалдарды қарау ұсынылған. Бұл ретте тәулігіне 5 пайыздан 10 пайызға дейін табыс уәде етілген. Сонымен қатар жаңа қатысушыларды тартқаны үшін бонус берілетін рефералдық жүйе жұмыс істеген.

Қаражаттарды қабылдау жеке тұлғалардың (дропперлердің) банк шоттары арқылы жүргізіліп, кейін P2P операциялар арқылы криптовалютаға аударылған", - делінген хабарламада.

Сенім қалыптастыру мақсатында компания тіркеліп, кеңсе ашылған, жарнамалық жұмыстар жүргізілген, "табыс" көрсеткіштері көрсетіліп, салымшыларға кеңес беру ұйымдастырылған.


"Нәтижесінде 78 жәбірленуші қаржы пирамидасына 110 миллион теңгеден аса қаражат салған. Күдікті қамауға алынды. Сот санкциясымен оның Алматы қаласындағы жер учаскесіне тыйым салынды".

Қылмыстық іс сотқа жолданған.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью