Алматыдағы Болашақ балабақшасына не болды: әкімдік мән жайды ашып айтты

27.10.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Алматыда ата-аналар Сейфуллин даңғылындағы "Болашақ" балабақшасының тағдырын білуге тырысып жатыр. Оны реконструкциялау үшін жабу жоспарланып отыр. Tengrinews.kz балабақшаны не күтіп тұрғанын және балалардың қайда ауыстырылатынын анықтады.

Реконструкция бола ма? Не болды?

Сөз Сейфуллин даңғылы, 544 мекенжайында орналасқан "Болашақ" жекеменшік балабақшасы туралы болып отыр. Қазанның басында тәрбиеленушілердің ата-аналары Threads желісінде оның алдағы уақытта жабылатыны туралы жаппай жаза бастады.

Олардың айтуынша, 30 қыркүйекте басшылық ата-аналарды жинап, 1 қарашадан бастап балабақшаның реконструкцияға байланысты жұмысын тоқтататынын жариялаған. Отбасыларға оқу жылының ортасында келісімшарттардың бұзылатыны туралы ескертілген.

"Қызым 2023 жылдан бері барып жүрген біздің сүйікті "Болашақ" балабақшасы небәрі бір күн ішінде 2026 жылдың 1 қарашасынан бастап жабылатынын хабарлады. Ата-аналарға балабақша реконструкциялау үшін бір-бір жарым жылға жабылады деп айтылды", – деп жазды аналардың бірі.

Threads желісіндегі жазбалардың скриншоттары

Басқа ата-аналардың айтуынша, жұмыс бірнеше жылға созылып кетуі мүмкін. Отбасылар енді балаларын қайда орналастыратынын және тәрбиешілердің жұмыс орны сақталатынына алаңдаулы.

Бірақ ата-аналарды бәрінен де балабақшаның тағдыры мазалайды. Олар реконструкция деген желеумен балабақшаны бұзып, орнына тұрғын үй кешенін салып тастай ма деп қауіптенеді.

Аналардың бірі "Болашақтың" Алматы орталығында екі гектарға жуық жерді алып жатқанын айтты.

"Бұл – қала орталығында орналасқан, 60 жылдық тарихы бар бұрынғы Совмин балабақшасы. Оның екі гектарлық тамаша жасыл аумағы бар, онда тиіндер жүреді, көпжылдық емендер мен шыршалар өсіп тұр", – деп жазды ол.

Threads желісіндегі жазбалардың скриншоттары

Сонымен қатар, ата-аналардың сөзінше, жиналыста басшылық жабылу себебін жылу желілеріндегі ақаулармен және ғимаратты қысқа дайындау қажеттілігімен түсіндірген.

Жақында ата-аналар "Болашақты" сақтап қалуға көмектесуін сұрап, жұртшылық пен депутаттарға тағы да жүгінді. Олар петиция жариялап, балабақша мен оның жасыл аумағын қорғап қалуды талап еткен.

"Жер жекеменшік": әкімдік не деп жауап берді?

Алматы қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасы "Болашақтың" жекеменшік мекеме екенін, ал Сейфуллин даңғылы, 544 мекенжайындағы учаске де жеке меншік иесіне тиесілі екенін хабарлады.

"Аумақты әрі қарай пайдалану және ықтимал жобаларды іске асыру мәселелері жер иесінің құзыретіне жатады. Сонымен қатар меншік иесіне сыйымдылығы дәл сондай жаңа балабақша салып, кейін оны қаланың коммуналдық меншігіне өткізу туралы талап қойылды", – деп хабарлады басқарма.

Дегенмен, ведомство жаңа балабақшаның нақты қай жерде бой көтеретінін және құрылыстың қашан басталатынын нақтыламады.

Балалар қайда ауыстырылады және тәрбиешілердің жағдайы не болады?

"Болашақ" әкімшілігінің мәліметінше, балабақшада реконструкциялау жоспарланып отыр. Бұл ретте балалар мен тәрбиешілер үшін басқа мекемелерден орындар қарастырылған.

"100 бала мен 17 қызметкерді жақын маңдағы "Ивушка" жекеменшік балабақшасына, тағы 7 қызметкерді "Берёзка" балабақшасына ауыстыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді", – деп хабарлады әкімдіктегілер.

Бұдан бөлек, жақын маңдағы мектепке дейінгі ұйымдарда тағы 155 бос орын бар.

Редакция оқиғаның дамуын бақылауды жалғастырады.

Бұған дейін Алматы қалалық құрылыс басқармасы 2026 жылдың басынан бері мегаполисте үш мыңға жуық орындық 33 мектепке дейінгі мекеме ашылғанын хабарлады. Жыл соңына дейін билік тағы 23 балабақша ашуды жоспарлап отыр.

Балалар тізімде бар, бірақ бармайды: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью