Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
— Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында Медеу ауданындағы элиталық түнгі клубтардың бірінің қызметкері ұсталды. Ол шартты сатып алушыға «гашиш» есірткісін өткізген. Мекемені тексеру барысында ұнтақ тәрізді заттардың іздері және ақ түсті заты бар зип-пакет анықталды, — делінген хабарламада.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасады.
Бұған дейін хабарланғандай, Астанадағы Есірткі қылмысы комитетінің басшысы Данияр Мейірхан қызметінен шеттетілген болатын.