Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
- Крематорий жұмыс істеуін бастайтын ресми күн барлық нормативтік рәсім аяқталғаннан кейін жарияланады, - деп жазады ЖАП мамандары.
Ресми ақпаратта Алматы әкімдігі 2021 жылы салынған крематориді Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы бойынша өзіне бағынысты бейінді ұйымының балансына бергені айтылған.
- Объект бұдан бұрын жүргізілген мемлекеттік аудит негізінде берілді. Аудит қорытындысы бойынша Алматы әкіміне баланс ұстаушыны белгілеу тапсырылған болатын, - деп жазылған ресми мәліметте.
ЖАП мамандарының әкімдікке бағынысы бейінді ұйым деп отырғаны – «Қалалық патологиялық-анатомиялық бюро» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. Осыған дейін крематорий қалалық құрылыс басқармасының балансында болған.