Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалиннің айтуынша, өткен жылы ауданда «Терреңқұр» жобасы сәтті жүзеге асты. Ол бүгінде қала тұрғындары арасында танымал демалыс орындарының біріне айналған.
— Осы тәжірибені ескере отырып, биыл «Медеу» мемлекеттік табиғи паркі аумағын дамыту жоспарланып отыр. Жоба аясында ұзындығы 6 шақырым болатын жаяу жүргіншілер бағыты салынып, демалыс аймақтары мен негізгі тартылыс нүктелері бар қоғамдық кеңістіктерді абаттандырылады, — деді ол.
Сонымен қатар Жолдасбеков пен Меңдіқұлов көшесі жаңартылмақ. Мұнда жаяу жүргіншілердің аймағы абаттандырылып, жайлы қоғамдық кеңістіктер құрылады. Ал Зенков көшесінің Гоголь көшесінен Мақатаев көшесіне дейінгі 450 метрлік бөлігінде дәмханалар мен демалыс орындары бар жаяу жүргіншілер аймағы пайда болады.
Еске салайық, былтыр Тереңқұр-2 саябақ аймағының қайта жаңғырту жұмыстары толығымен орындалды.