Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, бүгіннен бастап Назарбаев даңғылының әл-Фараби даңғылынан Төле би көшесіне дейінгі бөлігінде жолдағы құдық қақпақтарын көтеру жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты 3 күн қозғалысқа уақытша шектеу енгізілуі мүмкін.
— Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерде ескерту белгілері қойылады. Тұрғындардан бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, — деді басқарма өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Алматының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы агенттік сауалына жауап беріп, қалада қашан жылу беру тоқтайтынын хабарлады.