Алматыдағы Қалқаман метро бекеті қашан іске қосылады

22.02.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Алматы әкімі Дархан Сатыбалды "Қалқаман" метро бекетіндегі құрылыс жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды қалалық әкімдік.

Метро аумағында тік жоспарлау жұмыстары жүргізіліп, кешенді абаттандыруға әзірлік басталды.

"Жоба аясында ағаштар мен мыңнан астам бұта егу арқылы көгалдандыру, жүргіншілерге арналған аймақтар салу, жарықтандыру жүйесін орнату, автотұрақ орындарын, автобус тұрағы мен аялдама кешендерін салу жоспарланған", - дейді әкімдікте.

Бекеттің ішінде әрлеу жұмыстары аяқталуға жақын. Эскалаторлар мен жеделсатылар орнатылған, желдету, бейнебақылау және өртке қарсы қорғау жүйелерімен қоса, инженерлік жүйелерді монтаждау жұмыстары аяқталып келеді.

"Тоннельдердегі жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр: сол жақ аралық тоннель толық дайын, ал оң жақ тоннельде рельстерді түйіспесіз технология бойынша төсеу жұмыстары басталады", - дейін Алматы әкімдігінде.

Құрылыс нысанында шамамен 400 маман еңбек етіп жатыр. Бұл жұмысты 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью