Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Алматыда тұрғындар жол көрсеткіштерінде қала атаулары мен мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың тегі қате жазылғанын байқады. Әкімдік бұл олқылыққа қалай жауап берді, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі анықтап көрді.
Алматыда тұрғындар жол көрсеткіштерінде қала атаулары мен мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың тегі қате жазылғанын байқады. Әкімдік бұл олқылыққа қалай жауап берді, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі анықтап көрді.
Мән-жайыThreads әлеуметтік желісінде Жансүгіров көшесіндегі жол көрсеткішінің фотосы жарияланды. Жазба авторы қолданушыларға сұрақ қойған:
"Айтыңыздаршы, мына жерден қате көріп тұрсыздар ма? Бұл - Алматы қаласы, Жансүгіров көшесіндегі жол белгісі", – делінген жазбада.
Жазбаға пікір қалдырушылар қазақ және орыс тілдеріндегі атаулардан бірден үш қате тапқан:
Мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың тегі қазақ тілінде қате жазылған. Тақтайшада "Рыскулов" деп көрсетілген (дұрысы – Рысқұлов). Көрсеткіште "Талдыкурган" деп жазылған – дұрысы қазақша Талдықорған, орысша Талдыкорган болуы керек еді. Тағы "Кунаев" деп көрсетілген – қаланың ресми атауы қазақша Қонаев, орысша Конаев. Скриншот: Threads-тегі жарияланымЖазбаға қала тұрғындары ондаған пікірін жазған. Алматылықтар көше аттары мен танымал тұлғалардың есімдері тақтайшалар орнатылмас бұрын тексерілмейтініне наразылық білдірді.
Сондай-ақ, тұрғындар қаладағы басқа көрсеткіштерде де қателер кездесетінін айтып, мердігерлердің жұмысын жақсырақ бақылауға шақырды.
Не болған?Tengrinews.kz тілшісі жол көрсеткішінің жағдайын тексеру үшін оқиға орнына барды. 14 сәуірдегі жағдай бойынша, қатесі бар тақтайшаның алып тасталғаны белгілі болды, Жансүгіров көшесі мен Рысқұлов даңғылының қиылысында ешқандай белгі жоқ.
Фото Tengrinews.kzСонымен қатар, Рысқұлов даңғылының басқа учаскесінде қайраткердің тегі дұрыс жазылған тақтайшалар тұр.
Фото Tengrinews.kz Әкімдік не дейдіАлматы әкімдігі көрсеткіштің алып тасталғанын хабарлап, кемшіліктерді түзетуге уәде берді.
"Қазіргі уақытта белгі алынды. Келесі аптада қатесі түзетіліп, көрсеткіш қайта орнатылады", – деп қысқаша түсініктеме берді қала әкімдігі.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу