Алматыдағы құрылыс үшін ағашты бұрғылап тастады: мердігер қалай жазаланды

03.11.2026

Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Алматыда жұмысшылардың қалқа бекіту үшін ағашты бұрғылап жатқан видеосы жарияланып, қызу талқыланды. Tengrinews.kz тілшісі бұл жағдайға әкімдіктің қалай жауап бергенін және заңбұзушыларға қандай жаза қолданылатынын анықтады.

"Бұдан басқа амал жоқ па?"

Әлеуметтік желіде Алматыдағы құрылыс жұмыстары туралы ақпарат пайда болды. Жазба авторы жұмысшылардың қалқаны ағашқа бекітіп жатқан сәті түсірілген видеоны көрсетті.

"Бүгін құрылысшылардың құрылыс пердесін ілу үшін ағаштарды бұрғылап жатқан жағымсыз көрінісіне куә болдым. Бұлай істеуге қалай дәті барады! Бұдан басқа амал табуға болмас па еді?" – деп жазды ол.

Олар қалай жазаланды?

Әкімдіктің хабарлауынша, жарияланымнан кейін экология басқармасының мамандары табиғат қорғау полициясымен бірге оқиға орнына барып, ағаштарды тексерген.

Тексеру қорытындысы бойынша ӘҚБтК-нің 386-бабы – "Жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзу" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Заңбұзушыға 30 АЕК (129 750 теңге) көлемінде айыппұл салынды – заңда жеке тұлғалар үшін дәл осындай сома қарастырылған.

"Сондай-ақ кепіл хат алынды, оған сәйкес жауапты тұлға ағаштар солып қалған жағдайда Алматыдағы жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғаудың қолданыстағы қағидаларына сай қалпына келтіру мақсатында жаңа ағаш отырғызуға міндеттенеді", – делінген жауапта.

Бұл ретте әкімдік ағаштардың қаншалықты зақымдалғанын және нақты кімге айыппұл салынғанын нақтыламады.

Ағаштарды зақымдағаны үшін қандай айыппұл қарастырылған?

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 386-бабында жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзғаны үшін айыппұлдар қарастырылған.

2026 жылы айыппұл мөлшері мынадай болады:

129 750 теңге (30 АЕК) – жеке тұлғалар үшін; 259 500 теңге (60 АЕК) – шағын бизнес субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдар үшін; 432 500 теңге (100 АЕК) – орта бизнес субъектілері үшін; 1 297 500 теңге (300 АЕК) – ірі бизнес субъектілері үшін.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда Баум тоғайын абаттандыру кезінде ағаштарды зақымдаған мердігерлерге айыппұл салынды. Ол кезде құрылыс техникасы өткеннен кейін ағаш қабықтары мен тамырларының зақымдалғаны анықталған болатын. Әкімдік кінәлілерді ӘҚБтК-нің 386-бабы бойынша жауапқа тартты.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью