Алматыдағы қылмыстық топ мүшесінің үйінен қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару табылды

14.05.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Алматыда ауыр қылмыстарға қатысы бар қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

8 мамыр күні полиция қызметкерлері 10 адамнан тұратын қылмыстық топ мүшелерін ұстады. Олардың қатарында бұрын сотталған қылмыстық орта өкілдері де бар.

© Photo : Polisia.kzАлматыда ауыр қылмыстарға қатысы бар қылмыстық топ құрықталды

Алматыда ауыр қылмыстарға қатысы бар қылмыстық топ құрықталды

© Photo : Polisia.kz

"Күдіктілер мегаполис аумағында жасалған бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстарға, оның ішінде қару қолданылған бұзақылық, бопсалау, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, сондай-ақ қару-жарақ пен өзге де тыйым салынған заттардың заңсыз айналымына қатысы бар деп күдікке ілінді", - деп жазылған хабарламада.

Жалпы 21 санкцияланған тінту жүргізіліп, заңсыз айналымнан қоғамға қауіп төндіретін едәуір көлемдегі қару-жарақ пен өзге де заттар тәркіленген.

"Мысалы, күдіктілердің бірінің тұрғылықты жерінен бірнеше атыс және травматикалық қару, оның ішінде кесілген мылтықтар мен оқ-дәрілері бар Калашников автоматы табылды. Аталған қару қаңтар оқиғасы кезінде Жамбыл облысы полиция департаментінен ұрланған", - дейді полицияда.

© Polisia.kzАлматыда ауыр қылмыстарға қатысы бар қылмыстық топ құрықталды

Алматыда ауыр қылмыстарға қатысы бар қылмыстық топ құрықталды

© Polisia.kz

Күдіктілердің барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Құқыққа қарсы әрекеттердің қосымша эпизодтарын және өзге де қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған тергеу және жедел іс-шаралар жалғасып жатыр.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью