Алматыдағы рейстен зейнеткер қалжыңы үшін түсірілді

03.09.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Алматы - Ақтау рейсінің жолаушысы жүгінде бомба болуы мүмкін екенін айтқаннан кейін рейстен түсірілді. Оқиға 3 қыркүйекте Алматы әуежайында болды, деп хабарлайды Tengri Travel.

Не болды?

Полицияның мәліметінше, Алматы әуежайындағы Көліктегі полиция басқармасының қызметкерлері жолаушыны FlyArystan әуекомпаниясының актісі бойынша рейстен түсіріп алған.

Бұған жолаушының: "мына сөмкеде қорғасын ба, бомба ма" деген сөзі себеп болған.

Осыдан кейін жағдайға көлік полициясы мен авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері араласты. Олар жолаушы мен оның жүгіне тексеру жүргізді.

"Тыйым салынған заттар немесе жарылғыш заттар табылған жоқ", - деп хабарлады Көліктегі полиция департаменті.

Әуежайдан адамдар эвакуацияланған жоқ. Әуе айлағы әдеттегі режимде жұмысын жалғастырды.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде жолаушы әйелдің ұшудың кешігу себебін айтқан видеосы пайда болған еді. Оның айтуынша, өзі "ардагер" деп атаған егде жастағы жолаушы бортта "б" әрпінен басталатын сөзді айтқан - бұл авиацияда қауіпсіздікке қатер төндіру ретінде қабылдануы мүмкін сөздердің бірі.

Әйелдің айтуынша, әңгіме ауыр сөмке туралы болған. Жолаушының сөзіне экипаж назар аударып, кейін жағдайға әуе кемесінің командирі араласқан.

Жолаушы бортсеріктердің нұсқаулыққа сәйкес әрекет еткенін және өздерінің қызметтік міндеттерін орындағанын атап өтті. Бұл ретте ол жолаушыларды ұшақ бортында сөздеріне мұқият болуға шақырды.

Жолаушы жауапкершілікке тартылды

Полиция ер адам ұсақ бұзақылық үшін жауапқа тартылғанын хабарлады. Іс бойынша материалдар сотқа жолданды, онда тиісті шешім қабылданады.

Бұл ретте жүргізілген тексеру нәтижесінде жарылғыш та, басқа да тыйым салынған заттар табылмады.

Көліктегі полиция департаменті жолаушыларды мұндай сөздерді әзілдеп те айтпауға шақырды.

"Азаматтарды мұндай мәлімдемелердің маңыздылығын түсінуге және қылмыстық жауапкершілікке, сондай-ақ құқық бұзушының өзіне де, айналасындағыларға да жағымсыз салдарға әкеп соқтыруы мүмкін "әзілдерден" аулақ болуға шақырамыз", - делінген ведомство хабарламасында.

Бұған дейін әуежайда қандай сөздерді айтуға болмайтыны туралы жазған болатын. Әзіл ретінде айтылған "бомба", "теракт" немесе "атыс" сияқты сөздер қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.

Астана әуежайының мәліметінше, Қазақстан Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес, терроризм актісі немесе қауіпсіздікке төнетін өзге де қатер туралы көрінеу жалған хабарлама бергені үшін қатаң жазалау шаралары қарастырылған:

5000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл; міндетті қоғамдық жұмыстар; бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру.

Сондықтан жолаушыларға айтылған сөздеріне мұқият болу ұсынылады.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда жолаушы әйелді велосипедке байланысты пойызға кіргізбей қойған

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью