Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Фото: Алматы қаласының әкімдігі— Жоба тұрғындар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған. Оның аясында тротуарларды кеңейту, велоинфрақұрылымды дамыту, заманауи жарықтандыру жүйесі мен көше жиһаздарын орнату көзделген, — делінген хабарламада.
Сондай-ақ, көгалдандыру жайына ерекше назар аударылады. Қайта жаңғырту барысында тамшылатып суару жүйесі енгізіледі.
Фото: Алматы қаласының әкімдігі— Бұл суарудың тиімділігін арттырып, суды ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді, — деп хабарлады қала әкімдігі. Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы Сәтбаев көшесі халықаралық стандарттарға сай жаңартылатынын жазғанбыз.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 26 наурыздағы №1/1-371 қаулысына сәйкес, жеңіл рельсті көліктің (LRT) бірінші желісінің бірінші кезегін салу үшін («Алматы-2» теміржол вокзалынан Мөңке би көшесіне дейін) Жетісу, Алмалы, Әуезов және Алатау аудандарының аумағында орналасқан 270 жер учаскелері мемлекет мұқтажына алынады. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленгенін жаздық.
«Қала жер орталығы» меншік иелерін хабардар етеді. Ал Алматы қаласы жер қатынастары басқармасы заңнамамен белгіленген тәртіпте жер учаскелерінің меншік иелеріне өтемақы төлейді. Жер телімдері мемлекет меншігіне алынған соң, Алматы қаласы жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының теңгеріміне өтеді.