Алматыдағы Сәтбаев көшесіндегі түсініксіздікті шешуге шетелдік мамандар тартылды

30.07.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Алматыда келесі аптаның аяғына дейін Сәтбаев көшесіндегі қозғалыс сызбасы өзгергеннен кейін қалған ескі жол белгілерін өшіруге уәде берілді, деп хабарлайды Tengri Auto.

"Жүргізушілер ережені бұзуға мәжбүр"

Алматы мәслихатының кезекті сессиясында депутат Ольга Спирина әкімдік ғимараты алдында жаңартылған қоғамдық кеңістік жанындағы Сәтбаев көшесінің жол таңбаларына назар аударды. Оның айтуынша, қозғалыс сызбасы өзгерген соң ескі таңбалардың бір бөлігі сақталып қалған, соның салдарынан жүргізушілердің бағыт бағдарлауы және қай жолақпен жүру керек екенін түсінуі қиындаған.

"Ескі сызықтар толық өшірілмеген. Соның кесірінен жүргізушілер шатасып, қай жолақпен жүру керектігін түсінбей жатады. Бұл жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатер төндіріп, апат жағдайларға әкеп соқтыруы мүмкін, тіпті жүргізушілерді ереже бұзуға мәжбүрлейді", – деп атап өтті депутат.

Таңба неге бірден өшірілмеді және ол қашан алынады?

Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Ержан Диханбаев мамандар ескі таңбаны механикалық жолмен өшіруге тырысқанын, бірақ бұл әдіс тиімсіз болғанын айтты.

Ол енді қала билігі басқа технологияны қолдануды ұйғарғанын жеткізді.

"Қазір біз Беларусь еліне тапсырыс бердік. Мердігер компания ТМД елдерінде жол таңбасын салу бойынша көшбасшылардың бірі саналады. Ұйым Алматыда тіркелген. Біз олармен келісімшарт жасадық, келесі аптада бізге гидродинамикалық тазалауға арналған арнайы үлкен машина келуі тиіс. Ол ескі бояуды жоғары қысымды сумен өшіреді", – деді ол.

Диханбаев ескі таңбаларды келесі аптаның аяғын дейін, яғни 9 тамызға дейін толық өшіру жоспарланғанына сендірді.

Сәтбаев көшесіндегі таңба неге дұрыс емес?

Бұған дейін Tengrinews.kz тілшісі Республика алаңы абаттандырылғаннан кейін жаңарған Сәтбаев көшесіне барып қайтқан болатын.

Сол кезде жолдың кейбір учаскелерінде жаңа жол таңбасы астынан ескі сызықтар ізі көрініп тұрғанына назар аударды. Бұл әсіресе қозғалыс сызбасы өзгерген жерлерде анық байқалады.

Фото: Tengrinews.kz/Марат Әлжанов

Фото: Tengrinews.kz/Марат Әлжанов

Автокөліктер үшін алты қозғалыс жолағы қалды - әр бағытта үш-үштен. Алайда Назарбаев даңғылымен қиылыста қозғалыс сызбасы өзгерді, сондықтан Желтоқсан көшесіне қарай бет алған жүргізушілер енді тиісті жолаққа алдын ала ауысуы қажет.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью