Алматыдағы тасжолда жеңіл көлік пен жүк көлігінің бетпе бет соқтығысуы салдарынан 2006 жылғы жігіт көз жұмды

24.02.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Бүгін таңертең Құлжа тасжолы бойында жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Апат Рысқұлов даңғылы мен Бұқтырма көшесінің аралығында, «Сокол» жанармай құю бекетінің маңында болған. Mercedes-Benz Actros жүк көлігі мен Mazda 626 жеңіл көлігі соқтығысқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігінің жүргізушісі солтүстік бағытта қозғалып келе жатқан. Оның айтуынша, қарсы бағытта жоғары жылдамдықпен келе жатқан Mazda көлігі кенеттен қарсы жолаққа шығып кеткен. Жүк көлігінің жүргізушісі апаттың алдын алуға тырысқанымен, жеңіл көлік жылдамдығын төмендетпей, бағытын өзгертпеген. Соның салдарынан бетпе-бет соқтығыс болған.

Соқтығыс нәтижесінде жеңіл көлік жүргізушісі көлікте қысылып қалған. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері оның қайтыс болғанын анықтады. Құтқарушылар марқұмның денесін көліктен шығарды.

Полиция оқиға орнында тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қаза тапқан жүргізуші – 2006 жылы туған жас жігіт.

Апаттан кейін Құлжа тасжолының екі бағытында да көлік кептелісі пайда болды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью